Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әкімін тыңдамаған әлеумет...

Әкімін тыңдамаған әлеумет...

Жер жүзін жайлаған коронавирустан көз жұмғандар күн сайын артып отырғаны көзіқарақты көпшілікке етене таныс. Оның осылайша кеңінен жайылуына бірден-бір себеп халықтың сақтық шараларын сақтамауынан. Билік тарапынан сәт сайын ескертіліп жатса да ережені елеусіз қалдырып жатқандар қатары да артып отыр. Алайда әлем елін әбігерге салған ауруға немқұрайлық танытып, той жасап желігіп жүргендер де тиылмауда. Оларға заң шеңберінде қатаң тыйым салынып, айыппұл төлемі тағайындалады.
Осы орайда, өткен аптада қала әкімдігінің мәжіліс залында  шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтің төраға­лығымен қаладағы каран­тиндік шектеу шараларын пысықтау мақ­сатында мәжіліс өтті.        
Мәжілісте Ақсуат ауылдық ок­ругіне қарасты Ж.Махамбетов ауы­лында болған тәртіпсіздік талқы­ланды. Атап айтар болсақ, 13 тамыз күні ауыл тұрғыны тыйым салынған шектеулерді ескермей, 100-ге жуық адам жинап, той жасаған. Тойдың өту барысында  бір тұрғын атыс қару қолданып екі бүлдіршінді жарақаттаған. Атал­ған тәртіпсіздіктің орын алуына жол берген Ақсуат ауылдық округінің әкімі бұл мәселеге қатысты пікірін «Той егесіне ауызша да, жазбаша да ескерту жасадым. Менің ескертуімді назарға алмай той жасады» деп  қысқа қайырды.
Пандемия уақытында ауылдың қоғамдық-саяси ахуалын тұрақты ба­ғытта ұстай алмай, тойдың бол­ғанын қала әкімдігіне дер кезінде хабарламағаны үшін, шарасыздық танытқан округ әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаевқа  шаһар басшысы қатаң сөгіс жариялады. «Ауыл тұрмы­сын тү­зетуде атқарған жүйелі ең­бектеріңізді ескеріп, қатаң сөгіспен қалдырдым» деген шаһар басшысы басқа да кент және ауылдық округ әкімдеріне өздеріне сеніп тапсырылған аумақта бақылауды арттырып, алдын-алу шараларын кү­шейтуді нықтап тап­сырды.
Сондай-ақ, ауылдық округтің ай­мақтық полиция қызметкерін дер ке­зінде қажетті шараларды қолданбай, тиісті органдарға  хабарламағаны  үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуға қа­ла­лық полиция басқармасына нұсқау берді.
Бұған дейін қалаға қарасты Қызыл­жарма ауылдық округінде ауыл тұр­ғыны аулада той өткізбек бол­ған. Алайда той қалалық мобильді топ­тың араласуымен уақытында тыйым салынды. Аталған мәселеге бай­ла­нысты ауыл әкімі Медет Сейіловтің орын алған оқиғаны дер кезінде ха­барлағаны ескеріліп, ескерту берілді.
Н.Нәлібаев қала әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі мен сала басшыларына кент және ауылдық округ әкімдерінің қызметіне талдау жасап, қызметіне қатысты ұсыныс беруді жүктеді.
Мәжіліс қорытындысында шаһар басшысы ауыл әкімдеріне карантин талаптарын сақтауда жоғары жауапкер­шілікпен жұмыс жасау керектігін қатаң ескертті.
Асылы, әкімін тыңдамаған әлеумет тойдың соңы тауқымет боларын ұққан шығар. Ортадағы елағасын ескермеген ел оның қанжығасына қатаң сөгіс байлағанын біліп жүрер...
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
18 тамыз 2020 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам