Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жер – жекенікі, қоқыс – қоғамдыкі

Жер – жекенікі, қоқыс – қоғамдыкі

Адамның ойлау мүмкіндігі кең кеңістікті шарлай алады. Сол секілді кей кісіде тар ұғыммен шектелу де бар. Яғни, самарқау сана пен самғау сананың аралығындағы алшақ аражікті аңғарамыз.
Шүкір, облыс орталығында тұрамыз, интелегенцияның орталығы. Өріс бар, өсу жоғары. Әлеуметтік жағдайы кері кеткен кісі некен саяқ. Арба айдаған аштан, кәсіп игерген көштен қалмайды.
Қалада керемет жобалар жүзеге асып жатыр. Көше кеңейіп, жол жағдайы жақсарып келеді. Алайда көше тазалығы мен талабын сақтауға тұрғындардың ықыласы төмен тартып тұр. Өз үйін әктеуге құлықсыз, қора-қопсысын жөндеуге мойны жар бермейді. Біреудің істегенін күтетін бой- тасалағыш та бар. Бұл мәдениетсіздік! Итің жаман дегенге намыстанатын халық едік, үйіңді дұрыста дегенге қыңқ етпегені қалай? Бақсақ, көше бойғы үйлердің жағдайы ала-құла, ауласына бір түп ағаш қадамай, жер қадірін қашырғаны қанша? «Жыртық жамауға күліпті» дегендей, ешкім біреу үшін өмір сүрмейді, әркім өз игілігін өзі игеруге жауапты, біз өркениетті заманның өкіліміз, уақытқа ілесіп, жаңаша жетіліп, жан-жағымызға жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарау қажет.
 Ал, енді ортақ мүдде жайлы. Күн сайын көше тазалығына көп күш жұмсалады. Бұл бір ғана мемлекеттік мекеменің міндеті емес, олар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға үлес қосу үшін қосылады. Осы жауапкершілікті тұрғындар неге сезінбейді? Қала бәрімізге ортақ қоныс, мұндайда айтары бар ақсақал қайда, әрбір шаңырақтың әзиз әкесі қайда? Бас болып, басу айтатын баһадүр ағалар бар ма? «Ұлдың  ұяты әкесіне тиеді» деп дәріптеген  данышпан халықтың ұрпағымыз ғой, осыны неге түсінбейміз?
Мәдениет табалдырықтан басталады, қорадан асырып қоқыс тастауға, кірдің суын төге салуға етіміз үйреніп кеткен сияқты. Үй іші мұнтаздай таза болып, дала қоқып жатса өзіңізге де ыңғайсыздық туғызады. Тазалыққа немқұрайлылық әлі шаң беріп тұр. Дүкен шашылған дүниесін, тұрғын өз аумағын реттесе ешкімнің қолы сынып, аяғы сыздап қалмайды. Қанша рет жауапты тұлғалар үгіт-насихат жұмысын жүргізді, әйткенмен «бір кем дүние» бүлкілдейді! Осыдан ой түйемін: Жер – жекенікі де, қоқыс –қоғамдыкі ма деген. Ұят-ақ!
Қаныбек ӘБДУОВ.
18 тамыз 2020 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам