Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақ халаттыға алғысым шексіз...

Ақ халаттыға алғысым шексіз...

Жер жаһанды жайлаған коронавирус дерті күннен-күнге үдеп, сан мыңдаған адамның тағдырын жалмаған қауіпті дертке айналып үлгерді. Осы қарусыз майданда алдыңғы шепте арпалысып, адам жанының арашашысы болып жүргендердің еңбегі орасан зор екені ақиқат. Ең ұлы қастерлі мамандықтың адам жанының арашасы бола білетіні тағы бір дәлелденді. Ақ халатты жандар қиын-қыстау кезеңде антына адал болып, қалтқысыз еңбек етті. Бұл сөзімізге дертіне дауа іздеген жанның риясыз көңілі дәлел болары анық. «Кемедегінің жаны бір» демекші, коронавирус індетіне шалдыққан науқастар үшін ауыр кезең басынан өтті. Жұрттың үрейін ұшырған инфекцияны жұқтыру аса қауіпті еді. Оның жазылмайтыны жөнінде де жазылды. Бірақ та Алла Тағала берген ауруға емін де береді екен. Білікті дәрігерлер бұл аурудың емін тапты. Соның нәтижесінде адамдар арасында қорқыныш сейіліп, үміт оты ояна бастады. Қандай сырқат болса да адамға уайым туғызады. Әсіресе, қауіпті дерттің белгісі пайда болғанын есту тым қорқынышты. Осы жайтты біздің З. есімді кейіпкеріміз басынан өткерді. Қиындықпен күресті. «Ауруды жеңіп шығамын» деген мақсаты арқылы құлан-таза жазылып ауруханадан үйіне оралды. Десе де індетпен күрескен сәттер әлі де есінен кетер емес.
– Мен шілде айында дене қызуы көтеріліп, жөтел қысып, ауа жетіспей ентігу, әлсіздік белгілерімен Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түстім. Ол жерге барысымен рентгенге түсірді. Алғашқы түскен күні сатурация түсіп кетті, қатты әлсіздік байқалды. Алғашқы күні уайым басым болды. Бірақ өз-өзімді тастап жібермеуге тырыстым. Мен мықты болуым қажет екенін ұқтым. Әр нәрсеге шыдамдылық пен сабырлық керек екені сезілді. Бастысы, ақ халатты абзал жандар қолдан келген көмектерін жасап жатты. Дәрігерлер мен мейірбикелер оттегіні үзбей, керекті дәрі-дәрмек, системаларын салып бақылауда ұстады. Шүкір, күннен күнге сатурация көрсеткіші көтеріле берді. Бірнеше күн өткен соң өзіме білінді. Денсаулығымның жақсы бола бастағаны өзіме сезіле бастады. Шүкір, қазір үйге шықтым, – дейді З. есімді емделуші.
Біз қауіпті дертпен күресе білген науқастың өтінішіне орай оның аты-жөнін құпия сақтағанды жөн көрдік. Дегенмен, ол жанына шипа іздеп, дертіне ем таба білген дәрігерлердің атын атап, алғыс айтқанды дұрыс санады.
– Осындай ел басына түскен қиын-қыстау кезеңде адам өмірі үшін күресіп жүрген дәрігер Гүлзинат Нұрабаева, мейірбикелер  – Индира Сүйінова, Аягөз Ысқақова, Гүлназ Ысқақова, Дариха Ысқақова, Динара Ұзақова, Бағдат Нұрқожаева, Меңсұлу Сейтжаппарова, Аманат Тажиева, Серіккүл Жұматаева, Жазира Рахым және кіші медицина қызметкерлері – Гүлнар Сақтағанова, Гүлжазира Оразмаханова, Гүлмира Алтынбекова, Алия Базарова, Айгүл Досмағанбетова, Жанат Көбеева, Орынкүл Артиканова, Бақытжамал Ержігітоваға алғысым шексіз. Сонымен қатар, оттегі әкелген Бақытжан Молдашев, Нұрлан Ибрай, Асыл Ибраймов, Есен Рысбаев, Сұлтанбек Убайдулла, Самат Алтынбаев, Абдуали Жүсіпов, Фарзу Бейменовке рахметімді айтқым келеді. Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып жатқан дәрігерлерді Алла қателестірмесін! Әрдайым ел ризашылығына бөленіп, ауырмай-сырқамай жүре берсін, – дейді ол.
Емделуші «дәрігер кеңесіне құлақ асқан жөн» дейді. Сонымен қатар, карантин талаптарын да қатаң сақтаған дұрыс. Бүгінгідей қауіпті кезеңде еркінсуге болмайды. Індеттің қай жақтан келіп, қауіп төндірері белгісіз. Сондықтан да аса ұқыптылықпен барынша денсаулықты күткен өзімізге жақсы. Иммунитетті көтеру үшін құнарлы әрі пайдалы тағамдарды пайдалануды әдетке айналдыру қажет.
Расында, өз денсаулығымыз өзімізге керек. Ал, бізде бейқамдық басым. Жаһан жұртын әбігерге салған коронавирус індетіне шалдыққандар бәсеңдегенімен, қауіп сейілмей тұр. Жақынымызға жанашыр болуды міндетке айналдырғанымыз әсте дұрыс болар.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
22 тамыз 2020 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам