Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызанақ қалада неге қымбат?

Қызанақ қалада неге қымбат?

– Әпке, қызанақ қаншадан?
– 100 теңге
– Биыл бұл өнімнің бағасы түспей ме? Неге қымбат?
– Бізде солай қымбатынан аламыз?
Міне, енді жаздың да аяқталуына санаулы күндер қалды. Ал, базардағы көкөніс бағасы әлі шарықтап тұр. Ерте көктемде 250 теңге шамасында болған қызанақтың осы кезге дейін арзандаған түрі осы. Күнделікті керек көкөніс болғандықтан онсыз тағы бол­майды. Бүтіндей, салатқа турап жесең де әйтеуір дастарханнан үзілмейтін астың бірі ғой. Әні-міне, дегенше күзде келеді. Қыз-келіншектердің банка жауып бастайтын уақыты. Ал, бұл шараның басты өнімі қияр мен қызанақ екені айтпаса да түсінікті.
Кәнігі бағбандарды қайдам, есік алдында шағын бақша егетін тұрғындардың биылғы өнімі дұрыс болмаған секілді. Өзіміз де сол қатардамыз. Қаншама күтім, бап болса да қияр да, қызанақта жылдағыдай әдемі пісіп, жақсы өнім бермеді. Ара-арасынан тәуірін теріп алмасаң, берген өнім көңіл көншітпейді. Тек менде емес, көпшілігінде де солай. «Биыл бақшадағы өнім дұрыс болмады», деп кінәні ауаның дұрыс еместігінен көрген бірнеше адамды естідім. Қалай десе де, биылғы жыл егіске де қолайлы болмай тұр-ау.
Бұл кезге дейін қызанақтың бағасы тиынға түсетіндей болды. Бірақ әлі құнын сақтап тұр. Расымен, қызанақ неге қымбат?
Себебін қалалық ауылшаруашылық және ветенария бөлімінің басшысы Дәулетбек Әбдірасуловтан сұрадық. Алайда  мардымды жауап ала алмадық. Айтуынша, өнім негізінен Шиелі ауданынан келеді. Көрші Түркістан облысынан да жеткізіледі. Базардағы бағаның қымбаттығына жауап бере алмағанымен қызанақтың «Мирас», «Анвар», «Ажар», «Смолл» сынды сауда орындарында арзан екенін жеткізді. Сондай-ақ, қаладағы әлеуметтік дүкендерде де төмен бағада екен. Бұл дүкенде қай өнімнің де арзан екенін және өнім көлеміне шектеу барын жұрт жақсы біледі. Көпшілік жаппай әлеуметтік дүкен мен сауда орнын араламайтыны тағы бар. Қаланың ана шетіндегі тұрғын ат арытып «Ажарға» не «Анварға» бара бермейді. Үйреншікті әдетпен базардан алғанды жөн көреді. Бірақ, маңыздысы кімнің қайдан алатыны емес.
Жыл басында қалаға қарасты Ақсуат ауы­лында жылыжай іске қосылды. Жаз­дың басында алғашқы өнімдерін сауда нарығына шығарып, облыс орталығын қияр, қызанақпен қамтамасыз еткен. Сол уақытта баға сәл бәсеңдегендей болды. Себебі, өнім­ді тікелей жылыжайдан арзан алуға мүм­кіндік туған. Аталған бөлім басшысы Даулетбек Жәнібекұлы, қазіргі таңда бұл орында кезекті егіске дайындық жүргізіліп жат­қанын айтады. Ауыл шаруашылық дақылы жуық арада  отырғызылып, өнім бергесін алдағы маусымға сатылымға шығады.
Есік алдындағы бақшасынан терген қияр, қызанағын тұрғындар өзі тұтынады. Мол өнім болмаса, сатуға да шығара бермейді. Ал, ондай мүмкіндігі жоғы әрине, базарға жүгіреді. Базарда баға әлі құбылып тұр. Демек, аймақтың өз өнімі ішкі нарықты толық қамти алмайды немесе бағасын түсірмеу кәсіпкерлердің қалтасына тиімді.
А.СЕЙІЛ
25 тамыз 2020 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 532 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам