БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА АРНАЛДЫ

Жаңа жыл мерекесіндегі шырша кешінде балғындар үшін қызықты мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті.
«Wiedergeburt» неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек сөз сөйлеп, барша балғындарға жаңа жылдық жақсы тілек арнады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына қайраттылығы үшін алғысын жаудырды.
Кеш соңында барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, неміс этносының әзірлеген дастарханы жайылды.
Өз кезегінде ата-аналар ұйымдастырушыларға рахмет айтып, ризашылығын білдірді.
Облыстық қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі.