Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сақтық шараларына жете мән берілуі керек

Сақтық шараларына жете мән берілуі керек

Баршамызды біраз әбігерге салған коронавирус індетімен күрес шаралары қарқынды түрде жүргізілді. Мерзімінде енгізілген карантин шараларының арқасында індетті ауыздықтауға мүмкіндік туды.
Әлем мемлекеттерін дүр сілкіндірген бұл індет – адамдар арасында тез таралуымен ерекшеленетін аса қауіпті індет.
Індеттің негізгі қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі «2019-nCov2». Осы індеттің халық арасында таралуының алдын алу мақсатында еліміз бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Коронавирус індетінен сақтану шаралары бойынша халық арасында қаншама санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан аталмыш дерт біздің Сыр өңірін де айналып өткен жоқ. Жаңақорған ауданында тіркелген жағдайларға байланысты денсаулық сақтау саласы қызметкерлері күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс жасады және соңғы науқас сауығып шыққанға дейін көптеген тірліктер іске асырылды.
Менің айтпағым, тұрғындар тарапынан сақтық шараларына әлі де жете мән берілуі керек, жұмыс істеуге рұқсат етілген барлық еңбек ұжымдарында санитариялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Сондықтан барша тұрғындарды сақтық шараларына үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Сондай-ақ, жиын-тойларды барынша тоқтатып, коронавирус инфекциясынан сақтану шараларына баса мән берулеріңізді сұраймын.
Адамдармен қарым-қатынаста, көшеде жүргенде үнемі бетперде киіп, қолды сәт сайын антисептикалық сұйықтықтармен жуып жүрейік…
Асқан Отарбеков,
Жаңақорған ауданаралық ауруханасының жоғары санатты дәрігер-эпидемиологы
28 тамыз 2020 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам