Құрметті қызылордалықтар!
Құрметті қызылордалықтар!
Қызылорда қалалық мәслихаты атынан Сіздерді сүйікті елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен тарихи бастамаларының арқасында қасиетті Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтерді.
Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.
Астана Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.
Биыл біз Елбасымыздың төл туындысы Елордамыздың 20 жылдығы мерейлі мерекесімен қатар, Сыр өңірінің бас шаһары, еліміздің алғашқы астаналарының бірі болған Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Қызылорда – 200 жылдық тарихында талай тарихи оқиғалардың куәсі болған, сұлу Сырдың бойынан орын тепкен киелі де әсем қала.
Ұлан байтақ қуатты еліміздің жүрегі Астана қаласының мерейтойын қызылордалықтар қуанышпен қарсы алып, жақсы жаңалықтарға куә болуда.
Тарихи тағылымы мен мағынасы терең қос мерейтойды атап өтудің маңызы зор.
Бүгінде қазақстандықтар бейбіт те бақытты заманда өмір сүруде. Қазақстандық Ұлы жолмен жүріп, еліміз дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, ал мемлекеттік сарабдал саясат экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етті.
Құрметті жерлестер!
Барлық қазақстандықтарды Астана күнімен, бейбітшілік пен келісім астанасының мерекесімен құттықтаймын !
Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын!
Алдағы уақытта да Астана қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сенім мол.
Осынау айтулы мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Ынтымақты – ұран, татулықты – ту еткен қазақ елінің абыройы арта берсін.
Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қалалық мәслихат
хатшысы
Роза БОХАНОВА.