Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімдігінде Жолдау дөңгелек үстел форматында талқыланды

Облыс әкімдігінде Жолдау дөңгелек үстел форматында талқыланды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауының негізгі міндеттерін жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел отырысына облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, облыстық мәслихат хатшысы, басқарма басшылары, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры, бизнес қауымдастығы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, онлайн форматта қала және аудан әкімдері қатысты.
«Президент өз Жолдауында дағдарыстан кейін экономика мен азаматтардың әл-ауқатын қалпына келтіру керектігін атап өтті. Жаңа құжат 11 басым-бағыттан тұрады. Біздің басты міндет құжаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Жолдаудың бірінші бағытында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі аталып, мемлекеттік қызметкерлерді 2020 жылы 10 пайызға, 2021 жылы 15 пайызға қысқарту тапсырылды. Осыған орай, аймақ басшысы облыс әкімінің аппарат басшысына биылғы жылғы 1 қазанға дейін 10 пайыздық қысқартулар бойынша ұсыныс беруді жүктеді.
Жолдаудың екінші бағытында атап өтілгендей, ұзаққа созылған мұнай саласының даму кезеңі аяқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін» нақты айтты. Бұл ретте аймақ басшысы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына, қала және аудан әкімдіктеріне индустрияландыру картасына талдау жасап, 2020 жылы іске қосылуға дайын тұрған жобаларды қысқа мерзімде индустрияландыру картасына енгізуді және индустриялық аймақтарды жаңа жобалармен толықтыруға жұмыс жүргізуді тапсырды.
Үшінші бойынша облыс әкімі сала басшыларына аграрлық секторға дәстүрлі қолдау көрсетумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдеуді, тамақ және тоқыма өндірісін дамытуды, құрылыс материалдарын шығаруға және өнеркәсіптің өзге де салаларына баса назар аударып, тиісті шаралар қабылдауды жүктеді.
Төртінші бағытта азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты деп атап көрсетті. Осыған орай, аймақ басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жер үйлер салу үшін инженерлік инфрақұрылымды дамыту шараларын қабылдау қажет екені атап өтілді.
Бесінші бағытта көрсетілген білім сапасын дамытуға қатысты нақты атқаратын шаралар бойынша да бірқатар тапсырмалар берілді. Аймақ басшысы облыстық білім басқармасына қашықтан оқыту барысында балаларға сапалы білім беруге қажетті жағдайларды ұйымдастыруды, санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі оқытуға көшетін мектептердің мүмкіндігін қарастыруды және балалардың шығармашылық қабілетін шындауға және спортпен айналысуға қажет шараларды іске асырудың арнайы өңірлік жол картасын әзірлеуді жүктеді.
03 қыркүйек 2020 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам