ШИЕЛІДЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ МƏЖІЛІСІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіруге бағытталған 2018 жылдың 30 қаңтар күні аудандық идеологиялық актив отырысы өткізілді.
Идеологиялық актив жиынына аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, мәслихат хатшысы, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекемелер мен құқық қорғау органдары басшылары, аудандағы барлық зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Активте аудан әкімі Ә.Оразбекұлы Жолдауының негізгі басымдықтары және идеологиялық жұмыс бағдарламалары» тақырыбына баяндама жасап, Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға қатысты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.