Тіл – ұлттың өткені мен бүгінін жалғайтын өлшеусіз қазына
Қазақстан халқының тілдер мерекесінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ерекше құттықтау әзірледі. Жас зияткерлер әлемнің бірнеше тілдерінде аталмыш күннің маңыздылығына түсініктеме беріп, тілдің ұлттар достығы мен бірлігіндегі рөлін атап өтті.
«Тіл – ұлыстардың бірігуі мен ұйысуына ықпал ететін және адамдар арасындағы қатынастарды байланыстыратын негізгі тәрбие құралы», – деп санайды қазақ тілін жетік меңгерген 12-сыны поқушысы Руслан Когай.
«Тілдер мерекесі өз ана тіліміз бен өзге халқының тілін құрметтеуге тәрбиелейді және тілдер туралы білімімізді кеңейтуге мүмкіндік береді», – дейді 12-сынып оқушысы Саида Ерболатова.
Мектептің қазақ, орыс тілдері бірлестігі бастамасы мен дайындалған видео құттықтаулар да оқушылар тілдер мерекесінің тарихынан да сөз қозғады. Алғаш рет 22-қыркүйекте аталып өтілген бұл мереке 2017 жылдан бастап «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөзқалдырған, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанкүнінде өткізіліп келеді.
Мереке күні жастар мемлекеттіктілді дамытуға және заманауи қоғамда қажетті әлем тілдерін танып білуге ұмтылуға шақырды.