Жұмыспен қамтудың жол картасы: қалада қызу тірлік
Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз туры бүгін орташа жол жөндеу жұмыстары мен тротуар құрылысы жүргізіліп жатқан көшелерде жалғасын тапты.
Бүгінде Қызылорда қаласында бұрынғы тозығы жеткен көшелер қала тұрғындарының көз алдында жаңалануда.
Себебі биыл жыл соңына дейін басты назар аударып отырған қаладағы шет аймақтар мен ауылдық округтерде барлығы 260 жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала аумағындағы 111 көшеге, кент және ауылдық округтердегі 32 көшеге орташа жол жөндеу, яғни асфальт салынса, 50 көшеге қиыршық тас төселеді.
БАҚ өкілдерімен аралау барысында танысқан алғашқы нысан - ұзындығы 0,7 шақырым болатын Желтоқсан көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықты қамтитын Ергешбаев көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары. «Қызылорда жолдары» мердігер мекемесі асфальт төсеу жұмыстарын аяқтап, жоба-сметалық құжаттардағы талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуде.
Қаланың қай бөлігіне барсаңыз да дәл осындай қызу тіршілкті байқайсыз.
Соның бірі, ұзындығы 0,3 шақырым болатын «КБИ» мөлтек ауданындағы Наурыз көшесі.
Бұдан бөлек, қала тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін мәселелердің бірі – көше бойларын жаяу жүргіншілер жолдарымен қамту болатын. Аталмыш мәселе бүгінде өз шешімін табуда. Мәселен, биыл 102 шақырымды құрайтын 68 көшеге жаяу жүргінші жолы салынуда.
БАҚ өкілдері Абай даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі 0,78 шақымдағы Сәдуақасов, Жаппасбай көшесінен Жасыл өлке көшесіне дейінгі 1,6 шақырымды алып жатқан Тәуелсіздікке 20 жыл көшелерінде болып, тротуар құрылысымен танысты.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Рахматуллаев мердігер мекеме өкілдеріне жаяу жүргінші жолдарын мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына қолайлы ету басты талаптың бірі екендігін жеткізді.
Жалпы, бұл жұмыстар аясында 1 мың 700-ден аса адам жұмыспен қамтылды.