Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда түтіні шығатын көліктердің иелері айыппұл төлейді

Қазақстанда түтіні шығатын көліктердің иелері айыппұл төлейді

Автокөліктері ауаны ластайтын алматылық жүргізушілер аса үлкен мөлшерде айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Экологтар мен полиция көлік көп жүретін жолдарда рейд жүргізді. Олар көліктен шыққан газ қалдықтарын өлшеп жатыр. Тексеріс жүргізген мамандар қаладағы көліктердің үштен бірі стандарттарға сай емес екенін алға тартады.
Барлық машиналарды тексермейді. Бірақ кез келген машинаны тоқтатуға құқылы екен. Экологтар пайдаланылған газдардың деңгейін арнайы құрылғылармен тексеруде. Егер көрсеткіштер нормадан жоғары болса, автокөлік иелеріне ескерту беріледі. Алайда ауаны біле тұра ластап жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады. Биыл Алматыда 300-ден астам көлік тексерілді. Әрбір үшінші автомобиль уыттылықтың рұқсат етілген деңгейінен асып түсті. Ғалымдардың айтуынша, зиянды заттардың 60% автокөліктерден.
Бұл туралы Алматы қаласы экология департаментінің бөлім бастығы Марат Сақтағанов айтып берді.
"Егер жүргізуші алғаш рет экологиялық стандартты бұзған болса, ол ауызша ескерту алады немесе 2 АЕК - айыппұл төлейді. Егер дәл осындай заң бұзушылық жыл ішінде қайталанса, онда - 5 АЕК", - дейді Марат Сақтағанов.
11 қыркүйек 2020 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам