ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҢАЛЫҚ

"Ескі көлік иелеріне 2020-2021 жылдардан бастап ақылы жолдарда тарифті көтеру жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін ақылы тасжолдарға қатысты ережелерді реттейтін ресми құжаттарға өзгерістер енгізіледі. Нәтижесінде Еуро-4 стандартынан төмен көлік иелеріне жүру ақысы 20-30 пайызға қымбат болады", - дейді "Қазавтожол" ҰҚ" өкілдері. Компаниядағылардың айтуынша, еліміздегі ақылы тасжолдармен жүретін көліктердің экономикалық класы ІІМ базасы негізінде анықталады. Осылайша олар өте жоғары тариф бойынша төлем жасайды.