СЕМИНАР САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекет-тік мекемесінде жасақ қызметкерлердің арасында "Өмір, сен маған қымбатсың!" тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Осы тақырып бойынша арнайы «Жастар денсаулығы» орталығынан М. Бексұлтанова , валеолог А. Алдабергенова және Наркология орталығы-ның психологы Г. Әлібекова мен облыстық "Салауатты өмір салтын қалыптастыру " ЖШС орталығының психологы А. Исамбекова қатысты.
Семинардың мақсаты- жеке құрам арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу; психотроптық заттардың зияны туралы түсіндіру, өмірге деген құлшынысын ояту. Алғашқы сөз кезегін мекеме басшысының орынбасары Т. Қойшықараев семинар тақырыбын ашып беріп, шақырылған қонақтарды таныстырды.
Бас құтқарушы-психолог Ж. Бегманова жеке құрамға семинардың бағдарламасымен таныстырып, "Маскүнемнің монологы" тақырыбында бейнеролик көрсетті. Семинарға келген мамандар "Күйзелістен шығу тәсілдері" тақырыпта дәріс оқып, "Зиянды әдеттерден аулақ болайық" тақырыбында слайд көрсетілді. Сонымен қатар жеке құрамға "Реакция" ойынын ұйымдастырып, өмірдің қиын сәттерінен шығу жолын көрсете білді.
Семинар соңында келген қонақтарға мекеме қызметкерлері өз ризашылығын білдіріп, жылы лебіздерін білдірді.