Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Білім белесіндегі 90 жыл

Білім белесіндегі 90 жыл

Іргесі сонау 1930 жылы қаланып, бүгінде дейін білім саласында шежірелі ордаға айналған И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжіне биыл 90 жыл. 
          Тарихы тереңге тартқан білім шаңырағы алғаш мал дәрігерлік зоотехникум ретінде ашылған. Содан бері заман талабымен көш түзеген оқу ордасы тарих қойнауындағы ізін жоғалтқан жоқ. Бүгінге дейін 4 рет атауын өзгерткен аграрлық техникалық колледжде қаншама жас қияға қанат қағып, маман ретінде қалыптасты. Қоғамға танымал талай түлекті түлетті. Соның бір көрінісі колледжге аталмыш оқу ордасының түлегі, социалистік  Еңбек Ері, соғыс ардагері Исатай Әбдікәрімовтың есімі берілген.
          Тоқсан жылдық тарихы бар білім ордасының ұжымы бұл қуанышты сәтті ерекше атап өтті. Мерейлі мерекеге облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысты. Айтулы шара оқу орнына есімі берілген соғыс және еңбек ардагері И.Әбдікәрімовтың қайта жаңғыртылған бюстін ашу рәсімімен басталды.
          – 90 жылдық мерейтой қарсаңында жасарып-жаңарған, қайта жабдықталған оқу орнының бүгінгі келбетіне сән беріп, көз қуанышына айналар деген сеніммен арнайы гранит таспен қапталып, қоладан құйылған И.Әбдікәрімовтің ескерткішін қайта ашуды колледж ұжымы ұйымдастырып отыр, – деген Н.Байқадамов облыс әкімінің ықылас гүлін табыстады.
           Оқу ордасында бүгінде 30 мамандық бойынша 2 мыңға жуық студент тәлім алуда. Мерейтой қарсаңында жөндеуден өткен колледждің материалдық-техникалық базасы жаңарып, кабинеттері заман талабына сай жабдықталған. Шара барысында қонақтар жаңа өзгерістерге куә болып, білім ордасы мен И.Әбдікәрімовтің өнегелі өмір жолынан сыр шерткен музейді тамашалады.
          Айтулы мереке бұдан соң колледждің акт залында концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда оқу орнының бірқатар ұстазы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Айдана САЙДУЛЛА
19 қыркүйек 2020 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 530 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам