Сыр елі менің жүрегімде!
Құрметті қызылордалықтар!
Сіздерді топырағына құт дарыған, жеріне кие қонған, тарихы терең Қызылордамыздың қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сыр – Алаштың анасы болса, Қызылорда оның жүрегі дер едім. Себебі 95 жыл бұрын, яғни 1925 жылы Қызылордада өткен АКСР Қырғыз (Қазақ) Кеңестерінің V съезінде халқымызға «қазақ» деген атауды қайтарған еді. Бұл Қызылорданың астана мәртебесін алған тұста қабылдаған шешімі еліміз үшін тарихи маңызы зор оқиға болды.
Қызылорда қаласының кешегі өткен тарихы терең, өнері өрісін кеңге жайған, ал бүгіні жарқын, өндірісі өркендеген, әлеуметтік жағдайы алдыңғы қатарлы облыс орталығы екенін мақтан етеміз. Сыр елі менің жүрегімде!
Баршаңызды қала күнімен құттықтай отырып, Қызылорда қаласының тұрғындарына бірлік-береке, ырыс-ынтымақ, толағай табыстар тілеймін. Қызылорда қаласы мәңгілік елімізбен жасай берсін!
Құрметпен, Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы,
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары