Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құрметті қызылордалықтар!

Құрметті қызылордалықтар!

Құрметті қызылордалықтар!
Баршаңызды, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен ең үлкен жетістігіміздің бірі, Елбасымыздың төл туындысы, Сарыарқаның төріндегі Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – Тәуелсіз еліміздің тарихында айтулы орын алар, маңызы терең мере­келердің бірі.
Астана – елдігіміздің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы.
Бүгінде әлемдік деңгейдегі мәселелерді талқылайтын алаң, саяси және мәдени шаралардың ошағы, жаңашылдық пен жазампаздықтың озық орталығы – Астана, Елбасының еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, бабадан мұра кең байтақ қазақ жеріне деген махаббаты мен құрметінің туындысы.
Алаштың асқақ армандарының ақиқатқа айналып, қазақ ұлтының ұлы тұғыры саналатын Астана қаласы – біздің еліміздің мәуелі бүгіні, баянды болашағының бейнесі.
Ерке Есілдің бойын жағалай орналасқан әсем қала 20 жылдың ішінде сәулеті мен дәулеті асқан, архитектуралық ерекше­лігімен талайдың таңдайын қақтырар әлем­дік деңгейдегі қалалардың біріне айналды.
Еуразия құрлығының кіндігінде орна­ласқан Астана бүгінде Шығыс пен Батысты жақындастыратын, әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттерді қауыштыратын, бейбітшілік пен тұтастық идеясын тарататын орталыққа айналды.
Құрметті жерлестер!
Мұның барлығы Қазақстан Республи­касының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және бірлігі жарасқан, дархан пейілді, еңбекқор халқымыздың зор еңбегінің жемісі!
Халқымыздың жүрегі, еліміздің тірегі – Астана қаласы жасай берсін!
Осынау мерейлі мереке күні, баршаңызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен баянды болашақ тілеймін!
Сұлу Астанамыз қарыштап дами берсін!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі                             Нұрлыбек Нәлібаев.
06 шілде 2018 ж. 1 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам