Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шаттыққа кенелген күн

Шаттыққа кенелген күн

Қала күні қарсаңында бірқатар қызылордалық отбасыға сәні мен салтанаты жарасқан сол жағалаудан баспана берілді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, қонысымен құттықтады.
– Биыл Қызылорда қаласы­нының 202 жылдығын атап өту­деміз. Облыс орталығы күн­­нен-күнге көркейіп келеді. Де­мо­­графиялық өсумен қатар қала­ның аумағы да үлкеюде. Жаңадан мөлтек аудандар бой көтеріп, Сырдария өзенінің сол жағалауы да қарқынды дамуда. Міне, бүгін «Қала күні-2020» мерекесіне орай тұрғындарға жаңа тұрғын үйдің  кілтін табыстағалы тұр­мыз. Енгізілген карантинге қарамастан аймағымызда құ­ры­лыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жаңа үйлеріңіз жайлы, қоныстарыңыз құтты болсын! – деді облыс әкімі.
Тұрғындардың қуанышына себепкер болған тұрғын үйді салуға «Бақ-Береке 2030», «Дәнекер», «Сапақ» және «Астана Сервия ЛТД» компанияларының еңбегі зор.
Сол жағалаудағы «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында салынған кредиттік тұрғын үй­лер­ден пәтер алып жатқан тұрғындардың бірі – Ұлбала Мұстафаева.
– Бүгінгі күнге тәубе. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Сабыр етсек, Қазақстанда барлығы болады. Тек адал еңбек ету керек. Бұл күнді ұзақ күттік. Отбасымызбен осында көшіп келеміз, – деді ол.
Өзінің  жылы лебізін жеткіземін деген Азиза Шакимовадай жас маман бүгінде қалалық №1 емханада медбике болып жұмыс істейді.
– Қызылорда қаласында көп­теген үй салынып жатыр. Бәрі де жақсы, бірақ осы үйді ұнат­тық. Бүгін, міне, армандаған баспа­намызға қол жеткіздік. Бізге хабарласып: «сендер баспаналы бол­дыңдар деген кезде төбеміз көкке жеткендей болды, көзімізге жас үйірілді, – деді жаңа пәтер иесі.
Пайдалануға берген тұрғын үйдің жалпы ауданы – 12 мың 619 шаршы метр. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада соңғы екі жылда республикалық, облыстық бюджеттерден 620 пәтерлік 13 көпқабатты арен­далық тұрғын үй мен 240 пәтерлік 4 көпқабатты несиелік үйлер берілген. Биылғы жылдың соңына дейін 680 пәтерлік арендалық 14 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отырғанын жеткізді сала басшылары.
 Жарасхан ӨТЕБАЛИЕВ
Суреттерді түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ
26 қыркүйек 2020 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам