Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Асан қайғы қайда жерленген?

Асан қайғы қайда жерленген?

«Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады».
Бұл – Желмаясына мініп, Жиделібайсынды іздеген Асан қайғының  толғауы. Оның бұдан да басқа пәлсапалық мәні терең жырлары жеткілікті. Асан ата халықтың бірлігін, ынтымағын бәрінен жоғары қойған дана болған. Оның Әз-Жәнібекке айтқан «Өзіңнен басқа хан жоқтай, өзеуреп неге сөйлейсің?» деген жыр жолдарынан ақылшы дана ғана емес, сондай-ақ би әрі ханға сөзін өткізе алатын қадірлі жан болғанын ұғуға болады. Асан Сәбитұлының қайғы атануының өзі елдің мұңымен, мұқтажымен байланысып, астасып жатыр.
Осындай тарихи тұлғаның қай жерде жерленгені беймәлім. Тарихи деректер Ұлытаудың бөктері мен Сырдың бойын оның ішінде Шиелі өлкесіндегі «Жеті әулие» қорымын меңзейді. Өзіміз осы өлкенің тумасы болғандықтан Асан қайғыны Сырдың бойында жатыр деп ойлаймыз. Ал сіз қалай ойлайсыз, қадірлі оқырман?
Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ 
29 қыркүйек 2020 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 588 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам