Қарттарға құрмет көрсетілді
Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы. Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда, облысымыздағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет алуға келген қарттарға мереке қарсаңында құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
Бүгінгі игі шара жылпы адамзатты қарт кісілерге көңіл бөлуге, ізет білдіріп, қамқорлық пен мейірімділікті сезінуін мақсат етеді. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.
ХҚО-ға қызмет алуға келген қарттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары Айнұр Шорабекқызымерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
«Сіздер құрметті демалыста болсаңыздар да, біздің қоғамның көшбасшысы болып қала бересіздер. Сіздер жастарға патриоттық тәрбие беруде, қаламызды дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сіздердің өмірге деген белсенді ұстанымдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін таптырмас үлгі», - деді, филиал директорының орынбасары.
Қарт кісіні – құт-береке деп танысақ, ол ұрпақ көрегендігі. Осы орайда, қызметкерлер де, қарттарымыз да шын тілектерін айтып, ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді.
Қызмет алуға келген қазыналы қарттарымыз өз жұмыстарын жылдам бітіріп, халықтың құрметіне бөленіп, сыйлықтар алып, ХҚО-дан көңілді шықты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі