Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Саналы түрде сақтық керек

Саналы түрде сақтық керек

Әлемді шарпыған пандемияның алғашқы толқыны адамзатты әбігерге салғаны анық. Індеттің беті қайтты деген үмітпен бұрынғы тіршілікке қайта оралған сәтте екінші толқынның басталу­ ықтималдығы айтылып, алаң күшейді. Мемлекет тарапынан санитарлық шараларды күшейту, тиісті іс-шара тізбегін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Шаһар көлемінде де бұл бастама жауапсыз қалмады. Қызылорда қаласы әкімдігінде ел аумағында карантин талаптарын сақтау мәселесіне байланысты мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен өткен жиынға сала басшылары, кәсіпкерлер, ауыл-аймақ пен кент әкімдері қатысты.
Алдымен қала әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов шаһардағы карантин талаптарының орындалуы және болжамды екінші толқынға дайындық барысын мәлімдеді.
– Пандемиялық ахуал кезінде Сыр елі жұмыла әрекет жасады. Қайырымдылық мақсатында ерікті топтар ауруханаларға жәрдемдессе, дәрігерлер өз білік-білім­дерін барынша пайдалана білді. Ауру­ханаларға автокөлік жетіспеуіне байланысты  қала әкімдігі теңгеріміндегі 30-ға жуық қызметтік көлік көмекке жіберілді. Оған қоса кәсіпкерлер тарапынан 20-ға тарта автокөлік қызмет жасаса, жалпы­ көлемі 110 млн теңгеге медициналық құрылғы алынды. Бұл – мызғымас бірліктің көрінісі. Ендігі кезекте  карантин талаптарын қатаң сақтап, дәстүрлі отбасылық шараларды азайту қажет, – деді қала әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар әкім орынбасары карантин талаптарының сақталуын  қамтамасыз ету мақсатында мобильді топ құрылып, тәулік бойы бақылау жұ­мысы жүргізілетінін айтты. Мобильді топ құрамында қалалық прокуратура, жергілікті полиция өкілдері мен қоғам белсенділері топтастырылған. Нәтижесі де жоқ емес. Карантин уақытында бетперде қолданбау, қызмет уақытында бір реттік қолғаптың болмауы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы секілді тиісті санитарлық нормалардың жүзеге аспауына орай 244 кемшілік анықталған. Бүгінгі таңда олардың 127-не хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
Келесі болып сөз алған қала әкімінің кеңесшісі Әмірбек Шаймағамбетов әуе­жайдағы сақтық шарасының әлсіздігін сынап, қатаң бақылауға алу қажетігін ескертті. Сонымен қатар пандемия кезінде алдыңғы шепте жүрген азаматтарға лайықты құрмет көрсету мәселесі де көтерілді.
– Біз қиын-қыстау сәтте қызмет жасап,­ елге пайда тигізген дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен еріктілерді ескеруіміз қажет. Әлі де болса ол азаматтардың еңбегі өз дәрежесінде ұлықталмауда. Осыған назар­ аудару керек. Себебі аталған мамандар қиындыққа қарамастан,  қызметіне адалдық танытты, – деді кеңесші.
Облыс әкімінің орынбасары әуе­жайдағы санитарлық талаптардың сақ­талмауын тез арада шешу және жедел­ әрекет ету арқылы барлық жолаушы тасымалындағы қауіпсіздікті күшейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ пандемия кезінде алдыңғы шепте жүрген мамандар мен еріктілерді марапаттау шарасы алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді.
– Қазіргі таңда ең маңызды қа­дам – сақтық. Дәстүрлі отбасылық ме­рекелер­ді кейінге қалдырып, адам көп шоғырланатын ортада болуды азайту керек.­ Себебі ұлт амандығы сынға түскен сәтте жауапкершілік баршаға ортақ екені анық. Алайда кейбір азаматтар мұны жете түсіне бермейді. Шектеу шарасын елемей той жасап, 60-100 адамға дейін жиналып жатыр. Бұл вирусты өршітетін әрекет әрі жақындары мен өзіне жасалған ең үлкен қиянат екенін түсіне бермейді. Сондықтан сақтық шарасына сақ болайық, – деді Наурызбай­ Байқадамов.
Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ
03 қазан 2020 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам