Қызылорда қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы тағайындалды
Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Далабаев Біржан Далабайұлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Біржан Далабайұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ академиялық университетінің «Заңгер», 2011 жылы Болашақ университетінің «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облысының монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының жетекші маманы болып бастаған.
2006-2008 жж. Қызылорда облысы құрылыс басқармасының жетекші маманы, облыстық тарифтер басқармасының бас маманы, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы;
2008-2014 жж. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары;
2014-2018 жж. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары; 2018-2019 жж. Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2019 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инпекциясы бөлімі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.