Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұстаздар ұлықталған күн

Ұстаздар ұлықталған күн

Қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мұғалімдерді мерейлі мерекесімен құттықтады. Кәсіби мейрамда ұстаздарды қабылдаған шаһар басшысының орынбасары жауапкершілік жүгі ауыр, машақаты мен шапағаты мол салада  еселі еңбек етіп, білім беру ісінің дамуына сүбелі үлес қосқан педагогтарға алғыс білдірді.      Білім жүйесінің  жаны  да, жүрегі  де,тірегі  де  саналатын  мәртебелі  мамандық иелерінің жетістіктеріне тоқталып, мұғалімдерге шығармашылық ізденістер мен ғылыми жетістіктер тіледі.
«Қай заманда болмасын кез-келген жетістік пен жаңалықтың басында білім мен ғылым тұрады» деген Асқарбек Темірбекұлы елдің ертеңін айқындап, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін саланың  көшін ілгері жылжытып, Сыр бойының білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар ұстаздарға алғыс хаттар табыстады.
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары жас ұрпақты ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын мәртебелі мамандық иелеріне «шәкірттердің санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие,  үлгі-өнегелеріңіз өлшеусіз, бүгін берген сапалы білім ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі» - деп атап өтті.
07 қазан 2020 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам