Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Жүрек сөзі

Абай әлемі – қазақ руханиятының зеңгір көгі. Оның философиялық мән маңызы жоғары шығармалары әр заманмен үндесіп келеді. Ол мәңгіліктің мұрасы. Тектіліктің тұнбасы, қасиетті құндылықтардың бұлақ бастауы Абай шығармаларында жатыр. Бүгінгі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Абай аманаты» атты мақалада осы төңірегінде тұщымды ой, тұжырымды пікір топтастырылған.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мақалада айтқанындай, өзінің өмір жолына бағдар еткен ұлы ақын ұлылығына бас иіп, көреген тұлғаның көкжиегіне көз қадап жетіледі. Мақаланың нәрі мен негізі, ой өлшемі ұждан мен ұстынға үлкен үлгі болуында жатыр. Азаматтық тұлғаның қалыптасып елдік мәселені шешу жолында дана бабаның өнегелі өсиетнамалары өз өміршеңдігін көрсетіп отыр.
Біз әрбіріміз алдымызға мақсат еткен межелі міндеттеріміз ақын шығармасының түпкі мәнімен сабақтасып жатуы заңдылық. Қазақ елінің бүгінін бағамдап, ертеңін ескерерде Абай Құнанбайұлы сөзінің сөлін сығып, қазақы болмыстың кескін келбетін көркем бейнелейді. Жалпы қазақ жастарына еңбексүйгіштік, талапкерлік, қайраткерлік қасиеттер тән екенін ақын сары майдан қыл суырғандай өлеңмен өрнектейді.
Осы тұрғыда Елбасы дана Абайды алдына бағдар тұтып, үлкен өмір жолына өнеге етеді. Ол бұл туралы мақалады «Дана Абайдың «талапты ерге нұр жауар» деген қағидасын басшылыққа алып, 1958 жылы мектепті бітірген бойда тәуекелге бел байлап, Арқа төсіне аттандым. Ар жағы Украинаның Днепродзержинск қаласы… Бұл менің тағдырымдағы бетбұрысты сәттердің бірі болғаны анық. «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел» демеп пе еді жарықтық Абай даладағы қой соңында жүрген қазақ баласына. Ондағысы «алыс-жақын демей, баратын жеріңе барып, маңдай тер, табан ақың арқылы кәсіп үйрен, нәпақаңды жи» дегені ғой. Біз қаршадайымыздан еңбекқор болып өстік. Қатарластар бәріміз әке-шешелерімізге қолғабыс етіп, бірге еңбекке араласып, шөп шауып, мал жайлап, отын жарып, жеміс өсіріп, бақша салып, жылдың төрт мезгілінде үзілмей кезектесе келіп отыратын шаруаны атқарысып, қара жұмысқа әбден төселдік. Кейін туған жерден шалғайдағы Теміртауда, «Қарметкомбинаттағы» от-жалында балқыған болаттың ортасында құрыштай шыңдалдық»
Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласының маңыздылығы мен өзектілігі осындай шынайы жазылған жүрек сөзінде жатыр. Бұл ой тезі мен көңіл безбенінен түлеген туынды.
Нұрмат МАНСҰРОВ,
айтыскер ақын, С.Майқанова атындағы мәдениет үйі директоры
07 қазан 2020 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам