Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қалада жылу беру жоспардан ерте басталмақ

Қалада жылу беру жоспардан ерте басталмақ

Биыл жылу беру жылдағыдан 5 күн ерте басталмақ. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев хабарлады.
 Елмұрат Нұрмаханбетұлы «Жылу беру арнайы қағидаға сәйкес бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +80С және одан төмен болған жағдайда басталу қажет. Осы кезге дейін бұл кезең тәжірибе көрсеткендей қазан айының 15-не тура келіп жүрді. Ағымдағы жылы сыртқы ауа температурасының күрт төмендеп кетуіне байланысты қала әкімінің 1 қазандағы шешімінің негізінде жылу қазан айының 10 күні беріледі» - деді.
Жылу беру жұмыстарының жүргізілуі және көп қабатты тұрғын үйлер мен инженерлік жүйелердің дайындығы туралы мәлімдеген қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев барлық нысандар жылу маусымына қосылуға толығымен дайын екенін жеткізді. Бөлім басшысы үйішілік жылыту жүйесінде авариялық жағдай туындаған жағдайда "109" номеріне немесе өз аумағы бойынша басқару орындарына (ПИК) хабарласу қажет, ал элеватор торабына дейін жылу трассаларында ақаулар пайда болған жағдайда «Қызылорда жылу электр орталығы» диспетчерлік қызметінің 250045, 87768692053 байланыс телефондарына хабарласуға болатынын айтты. Сонымен бірге Біржан Далабайұлы 2020-2021 жылдарға арналған жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына қажет етілетін қатты отын көлемі шамамен 37800 тоннаны құрайтынын және көмір қорының тұрғындарды қамтуға толық  жеткілікті екенін де атап өтті.
Өз кезегінде Қызылорда жылу электрорталығының директоры Науырыз Сатханов жылу орталықтарының дайындығы туралы хабарлама жасап, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітіліген кестеге сәйкес  жүргізіліп, уақытылы аяқталғанын баяндады.
Ағымдағы жылға жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамту жол картасы», «Нұрлы жер» бағдарламалары және  обыстық, жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, бөлінген қаржыға сай дайындық жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күнге 100 пайызға орындалған.
 Айта кетейік, облыс орталығында  барлығы 815 көп қабатты тұрғын үй бар, оның 757 орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, 58  үй жеке жылу көздерімен жылытылады.
08 қазан 2020 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам