Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әскерге барудан неге қаштың, азамат?

Әскерге барудан неге қаштың, азамат?

“Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,
Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі.
Осы жұрттан бақ пен Қызыр қашпаса екен деп тілеп,
Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі”.
Бұл – халқымыздың арда ақыны Есенқұл Жақыпбектің қазақ жігіттерінің қадір-қасиетін жеріне жеткізіп жырлаған өлеңі. Бір ғана өлең арқылы алаш баласының қасқыр рухты, арыс­тан жүректі, жолбарыс білекті болатынын, туған халқының жарқын болашағы үшін жанын сала еңбектенетінін көрсете білді. Бір сөзбен айтқанда, бұл өлеңді қазақтың азаматына берілген баға деп қарастыруға болады. Бірақ бүгінде кейбір жігіттер елдің егесі мен шегесі болмақ түгілі, әскерге барудан қашатын көрінеді. Қала әкімдігінде өткен жиында осы мәселе сөз болғанда, жігерім құм болып жасығандай күй кештім.
Бейсенбі күні Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісті бастамас бұрын шаһар басшысы бірқатар кадрлық өзгерістерге тоқталды. Бұған дейін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарған Елмұрат Рахматуллаев Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болды. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инс­пекциясы бөліміне басшы болып Біржан Далабаев­ тағайындалған. Қала басшысы жаңа қызметке тағайындалған азаматтарды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жиында өрт қауіпсіздігіне байланысты мәселе көтерілді. Күн тәртібіне сай баяндама жасаған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов Қызылордада жыл басынан бері 178 өрт оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді. Майор шеніндегі басқарма бастығы сол 178 өрт оқиғасының 90-ны жылу беру мау­сымында болғанын жеткізді. Мына көр­сеткіштерге қарағанда, тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне жете мән бермейтіні байқалады. Мұндай сәттегі өрттер жылу беретін пештен де, тоқтан да болуы мүмкін. Қызылордадағы тұрғындар көгілдір отын пайдаланады дегенмен әлі күнге дейін от жағып, күл шығаратындар аз емес. Әсіресе қала маңындағы саяжайлардағы үйлер пешпен жылытылады. Мамандар оттың кесірінен қайғылы жағдай орын алмас үшін елді мекендерді аралап, тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақыруда.
– Түсіндірме жұмыстарына өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Қазіргі таңда 1384 үйді аралап, 6596 адамға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Бұл жылу беру маусымы аяқ­талғанша жалғасады, – деді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
Қала әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы қажеттігін айтып, «әр балаға өз баламыздай, әр ата-анаға өз ата-анамыздай қарауымыз керек» деді.
Мақаланың әлқиссасында бүгінгі кейбір жастардың әскерге барғысы келмейтінін айтқан болатынбыз. Мін­берге шығып, баяндама жасаған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Руслан­ Намазбаевтың сөзінен ұққанымыз осы болды. Басқарма басты­ғының айтуынша, Қызылорда қаласында әскери есепте тұрған кейбір азаматтардың тұрғылықты мекен жайы жоқ екен. Бұдан бөлек басқа өңірлерге, тіпті шетелге жұмысқа кеткендер бар. Ал олардың туыстары­­ әс­керге шақырылушылар туралы мәлімет бермейтінін немесе ештеңе білмейтінін айтатын көрінеді. Тіпті «денсаулығым жарамайды» деп, жалтаратындар да кездеседі.
Қазақтың сайын даласы ұшқан құстың қанаты, шапқан тұлпардың тұяғы талатын Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр атырапты алып жатыр. Әлемде өз жері бар екі жүзден астам ел болса, Қазақстан жер көлемі жөнінен тоғызыншы орынды иеленетін мемлекет. Бұл жерді бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, бізге аманаттап кетті. Қасиетті Отанды­ қорғау – бәріміздің борышымыз. Сол себепті әскерге барудан қашпау қажет. Ата-аналар да мәлімет беруден­ жалтармай, баласына Отан қорғау азаматтық борыш екенін түсіндіргені ләзім. Сөз соңында әскерден жалтарып жүргендерге «Азамат, Отан қорғаудан қашпа!» дегіміз келеді.
Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ 
10 қазан 2020 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам