Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мұғалім марапат алған күн

Мұғалім марапат алған күн

Жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісімен қатар келетін ұстаздар күні дәстүрлі түрде аталып өтіп келеді. Биыл да бұл үрдіс өз жалғасын тауып отыр.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мұғалімдер күні  мерекесіне  орай ұстаздар қауымын қабылдады. Шарада шаһар басшысы шәкірттердің бойына білім мен тәрбие нәрін сіңіріп, жарқын болашаққа жетелеген мұғалімдерді  мерекелерімен құттықтап, қала бойынша білім саласының жетістіктеріне кеңінен тоқталды.
– Ұстаз – әрбір баланың бойына адамгершілік, ізгілік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіріп, тұлғалық шыңдалуына ықпал жасайтын жан. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған сіздерге елдің атынан зор алғысымды жеткіземін. Қиын да қастерлі салаға еніп, ұрпақ тәрбиелеу жолында жасап­ жүрген еселі еңбектеріңізді білеміз. Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін, – деді қала әкімі.  
Мәртебелі мамандық иелерінің мерейін үстем еткен басқосуда білім саласының ардагері, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназароваға Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағы табысталды.
Сондай-ақ екі мұғалім «Алтынсарин төсбелгісі» мен «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Үш ұстаз облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Сонымен бірге 13 педагогке қала әкімінің алғыс хаты табысталып, 10 мұғалімге ноутбук сыйға берілді.
Міне, осылайша ұстаздар еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, марапат төрінен көрінді.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
10 қазан 2020 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам