МЕНІҢ ОТАНЫМ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Қалалық білім бөлімінің желілік жоспарына сәйкес үштілділік саясатының насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицей базасында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты түрлі кезеңдерден құралды. Әр кезеңде оқушыларға тақырыпқа байланысты мәліметтер айтылып, сұрақ – жауап түрінде сұхбат жүргізілді.
Сондай-ақ, оқушылардың жасаған қолөнер бұйымдарынан «Тәуелсіздік жаңғырығы» тақырыбында қолөнер шеберлері көрмесі және «Тәуелсіз ел болу – арманы» тақырыбында суретшілер көрмесі ұйымдастырылды.