Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Іргемізде – індет, маска тағу міндет

Іргемізде – індет, маска тағу міндет

Қазір дүниежүзін дендеген дерт талай алпауыт елдердің есін шығарып, еңселі Еуропаның өзің есеңгіретіп отыр. Бұл біздің елге де оңай тиіп отырған жоқ. Кешегі көктем, жаз мезгілдеріндегі жағдай әлі күнге жұртшылықтың жадында.
          Соңғы ресми мәліметтерге сүйенсек қазақстанның кейбір өңірлерінде ахуал қайта өрши бастағанын біліп отырмыз. Бұл нені білдіреді. Бұл атың өшкір аурудың әлі де бар екендігінің айғағы. Адамнан адамға ауа арқылы жұғатын жұқпалы індетті ауыздықтау үшін бірінші бәрімізге сақтық аса қажет. Себебі саулық сақтықта екенін естен шығармауымыз абзал.
        Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен рейд жұмыстары халықтың әлі де селқос қарайтынын көрсетіп отыр. Оған той жасаушылардың артып отырғаны дәлме-дәл дерек. Халқымызда «Күн жаманы кетер» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек-ті. Сәл сабыр сақтайық. Ауруданда құлан таза айығар күн алыс емес. Ол үшін әрбіріміздің сақтық шараларын қатаң сақтауымыз қажет.
        Індет енді іркіле бастадыма дегенде оны өзіміз өршітіп алмайық. Өйткені «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен. Тағдыр салды дегенді, шығарамын сөзімнен» деген Сұлтанмахмұттың сөзін санаға берік сақтайық.  Іргемізде – індет, маскілену – міндет. Денсаулық өз қолымызда бекем болайық.    
                                                                                            Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
20 қазан 2020 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам