Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Демократияны нығайтуға серпін береді

Демократияны нығайтуға серпін береді

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы үндеу жариялады. Онда мейлінше әділдік, ашықтық болатынын баса атап өтті. Бұл біздің елдегі демократиялық жағдайды білдіреді.
Сайлау конституциялық мерзімге сәйкес өтеді деп күтілуде. Жалпыхалықтық дауыс беру келесі жылдың 10 қаңтарында өткізілетіні айтылды. Сайлау демократиялық жаңғыру тұрғысында қоғамымыздың одан ары кезең-кезеңімен дамуы аясындағы маңызды сатыға айналуы тиіс. Ел Президенті атап өткендей, алдағы сайлау қолданыстағы заңнамаға сай болады. Демократияны нығайтуға жаңа серпін береді деп сенемін.
Бұл біздің еліміз үшін үлкен саяси қадам болмақ. Себебі  парламенттік сайлау еліміздегі барлық саяси партиялардың, өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға зор мүмкіндік береді.
Құжатта қазіргі замандағы бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер жағдайындағы еліміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің жан-жақтылығы қамтылған. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту осы процестің маңызды бағыттарының бірі болып белгіленді. Ол жергілікті органдарды нығайтуды көздейді, олардың қызметі халық үшін барынша ашық болуы ләзім.
Біздің өңірімізде де бұл науқан жоғары деңгейде өткізіледі және оның жемісті нәтижесі боларына бек сенемін. Ол ел игілігі жолында жұмыс жасайтын нағыз елжанды азаматтарды іріктейтін үздіктерді анықтайтын сайлау болмақ.
Шәкизада ӘБДІКӘРІМОВ,
облыстық мәслихат депутаты
21 қазан 2020 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам