Сенат сайлауы: Қызылордада Ақмарал Әлназарова басым дауыс алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауы өтті. Дауыс беруге таңдаушылар – жергілікті мәслихаттардың депутаттары қатысты.
Қызылордада өткен сайлау кезінде таңдаушылардың 50 проценттен астамы сайлауға қатысты. Жиынды облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов ашып, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев хабарлама жасады.
Айта кету керек, сайлау бюллетеніне кандидат ретінде тіркелген Ақмарал Әлназарова, Айдын Қайруллаев, Мұрат Сәрсенбаев енгізілді.
Сайлау нәтижесінде басым дауысты Ақмарал Әлназарова иеленді. Оған таңдаушылардың 77,86 проценті дауыс берді.