Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Пәтер тонаған күдіктілер ұсталды 

Пәтер тонаған күдіктілер ұсталды 

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында ағымдағы жылдың қазан айының 19-21 аралығында облыс көлемінде «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында ПД қызметкерлерімен 7 пәтер ұрлығы, оның ішінде Шиелі аудандық полиция бөлімімен 1 пәтер ұрлығы кезекші тәулікте ашылған.
19 қазан күні 38 жастағы аудан тұрғыны Шиелі АПБ-ның кезекші бөліміне пәтер ұрлығы туралы арыз түсірді. Онда белгісіз біреулердің жеке үйдің есігін кілтпен іріктеп ашып кіріп, «LG» маркалы теледидарын, компьютерін, дәнекерлеу аппаратын, автокөлік кілттерін және темір сейфтің құлпын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлердің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде сол ауданның 27 жастағы азаматы мен 18 жастағы азаматшасы анықталып, құрықталды. 
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

22 қазан 2020 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам