Ақ пейілді аналардың жүздесуі


Мұнда қатысушылар түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамы мен қолөнер бұйымдарынан әзірленген көрмені тамашалады.
Ақ орамалды аналардың жүздесуі тігін цехының мәжіліс залында жалғасты. Алғы сөзінде аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева Аналар кеңесінің толымды жұмыстарына тоқталды.
Аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, түрік этносының өкілі Дильфура Байрахтарова елді мекендердегі бейнеті мен ауыртпалығы жоғары әйел ананың статусына ерекше мән берілсе деді. Ал, жас келін Айнұр Әли ене мен келіннің арасындағы сыйластық болса, үйдің берекесі артады. Шығармашылығынды дамытуға да мүмкіндік болады деді.

Өз кезегінде батыр ана Қ.Ахметқызы игі дәстүрмен жас келін, түрік этносының өкілі Нигара Изатованың иығына ақ орамалды жапты.
Сондай-ақ, жүздесу барысында іскер әйелдер қауымдастығының аудандық филиалына төрайым болып Ақерке Рахметова сайланды.
Тағылымы мол шараның соңы ақ орамалды аналардың әсем әнімен тәмамдалды.
Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі