Тергеу изоляторы жас мамандармен толықты

Сондай-ақ мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов пен кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты Н.Кушеров жас мамандарға Әдеп кодексінің ережелерін мүлтіксіз сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық күш-жігерін қолданып, азаматтармен және әріптестерімен сөйлескенде әдептілік және биязылық танытып, адал, әділ болуы және көпшілік мақұлдаған адамгершілік – әдептілік ережелерін сақтауы керекігін баса айтты.
Құқық қорғау органына енді ғана қадам басқан жас мамандардың заңгерлік білімі бар. Құқық қорғау органының қызметкері болуды мақсат еткен Анель, таңдаған мамандығы асқан жауапкершілікті қажет ететінін жақсы түсінеді. Және абыройлы қызмет атқаруға тырысамын дейді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД