Жұмысты жауапкершілікпен істеу керек
Қызылордада мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай жұмыс атқарылды? «Бармақ басты, көз қысты» әрекеттер болған жоқ па? Құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықты болдырмау бағытында нендей тірлік атқарылды? Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында осы және басқа да мәселелер қаралды.
Комиссия отырысында алдымен қала¬лық мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас¬шысы Мөлдір Тәуіпбаева хабарлама жасап,¬ өзі басқаратын саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Бөлім басшысының айтуынша, қала әкімдігіне қарасты 98 мекеме мен кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүзеге асырылған.
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 98 бағдарлама әкімшілерінен 10 млрд 830 млн 301 мың теңге көлемінде 773 өтінім түсіп, конкурс жеңімпаздары анықталған. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан 97 жобаның 55 жобасы бойынша арнайы тәртіппен 6 млрд 797 млн 84 мың теңгеге 254 конкурс өткізіліп, мердігерлері белгілі болды. Сондай-ақ осы жылдың 9 айында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы 14 млрд 206 млн 420 мың теңгеге 59 конкурс өткізілген.
Осындай мәліметтерді алға тартқан қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы биыл мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне байланысты сыбайлас жем¬қор¬лыққа қатысты ешқандай дерек тіркелмегенін жеткізді.
Мұнан соң мінберге көтерілген қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Пакуадин¬ Шамұратов сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау бағытында нендей тірлік атқарылып жатқанын мәлімдеді.
Құрылыс бөлімі басшысының айтуына¬ қарағанда, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қатаң бақылау орнатылған. Жалпы қала көлеміндегі құрылыс жұмыс¬тарына тоқталған П.Шамұратов өзі бас¬қаратын бөлімге жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан 136 өтініш түскенін айтты. Мұнан бөлек мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жариялау жұмыстарын ұйымдастырып, барлық қажетті құжаттар жинақталып, портал арқылы жұмыстар жасалуда.¬¬ Хабарламасына осындай мәлі-меттерді негіз еткен құрылыс бөлімінің басшысы жемқорлықты болдырмау үшін бақылаудың күшейтілгенін жеткізді. Қала әкімі сала¬дағы бақылауды одан әрі күшейтіп, заң бұзушылықтарға жол бермеуді жүктеді.
Комиссия отырысында құқық бұзу¬шылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының күн тәр-тібіндегі мәселелер де қаралды. Басқосуда құқық бұзушылықты болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарды қалалық полиция бас¬қармасы бастығының орынбасары Ермек Құдайбергенов мәлім етті. Оның айтуынша, есепті мерзімде жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелуі 40 процентке төмендеген. Баян¬дамашының ұсынған мәліметтеріне жеке-жеке тоқ¬талған шаһар басшысы пайыздық көрсеткіш төмендегенімен, олардың ішінде отбасылық-тұрмыстық жағдайдағы, кісі өлтіру, аса ауыр, ауыр қылмыстар мен есірткі қылмысының өсім алғандығын, жасөспірімдер ара¬сындағы топтық төбе¬лестің әлі де тыйылмай тұрғанын алға тартып, полиция жұмысының нәтижесін сынға алды.
Комиссия отырысын қорытындылаған қала басшысы барлық жұмысты жауапкер¬шілікпен істеу керектігін айтып, сонда ғана нәтиже болатынын жеткізді.
Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ