Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Әбігер әлем



«The New York Times»

Жарылқау

Алпауыт елдің саяси ойыны да ірі болады... Дональд Трамптың сайлау­ алдындағы ұтымды комбинациясы осыны ұқтырды. Президент Twitter па­рақшасында оқыс мәлімдеме жа­сап, Судан елін терроризмді қаржы­лан­дыруы ықтимал мемлекеттер қата­рынан шығаратынын жеткізді. Тек миллиондаған өтемақы төлеп, Израильмен арақатынасты оңалтса бол­ғаны. Бұл хабарды естіген судан­дықтар бөркін аспанға атып, жарық күннен хабар келгендей қуана қарсы алды. Себебі елдегі аштық пен індет қарапайым халықты қажыт­са, экономикалық шеңбер кәсіп­кер­лерге тұсау салған еді. Сонымен мұхиттың арғы жағындағы Судан­ның сайлауға қандай ықпалы бар? Бұл өзгерістен екі елге келіп-кетері не? Бұл сауалдың жауабын Абди Латиф­­ Дахирдың «The New York Times» газетінде жарияланған «Судан АҚШ-тың шешімін салтантпен қабылдады» атты мақаласынан іздеген жөн.
«Судан үкіметі мен шенеуніктер 27 жыл өткенде АҚШ-тың қыспағынан құтылмақ. Бұл өз кезегінде елдегі экономиканың аяққа тұруына және демократияның жандануына септігін тигізері сөзсіз. Дональд Трамп Судан мемлекеті 1998 жылы Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшілігінде шабуылға ұшыраған азаматтардың отбасына 335 млн доллар өтемақы төлеген жағдайда «террорист айдарынан» арылатынын айтты. Оған қоса АҚШ-тың 3 қараша күні өтетін сайлауы­на­ дейін Судан Израильмен қатынасты жақсартуға міндетті екенін жеткізді». 
АҚШ-пен ымырада болу қара тізімдегі мемлекеттер үшін кезіге бермейтін орай. Сондықтан елдегі белсенділер қандай шарт қойылса да қабылдау қажет екенін ескер­тіп, үкіметтен талап етуде. Мақала авторы Суданның сыртқы істер министрі Омер Исмаилдің оқиғаға қатысты толқынысты пі­кірін жариялауды ұйғарыпты. Онда министр: «Біз судандықтардың абыройы жолында­ғы күресте жеңіске жеттік. Білемін, бұл бар мә­селенің шешімі бола алмайды, бірақ жарқын болашақтың бастауына айналары анық» деген.
Соншама қуаныштың сыры да белгілі. Қара тізімге енген ел есепті Судан экономи­каның жұтауына жолыққан еді. Тіпті АҚШ пен батыс елдерінен тасымалданатын заманауи технология мен ақпараттық қамтама­сыз ету бағдарламасының игілігін де жұрт қатарлы көре алмады. Тауар айналымы тежеліп, аштық жайлады. Салдарынан 10-даған миллион адам аштықтың зардабына шыдамай елден безді. Сондықтан «үшінші әлемнен» шығу үшін мемлекет небір құқай мен өктемдікке төзуге мәжбүр. Бұл жолғы шарт та оң жам­басқа келмесе де қабылдары белгілі болды. Автор сөз соңын судандық белсенді Марва Гибридің Израильмен мәміле төңірегіндегі ұстанымына салмақ бере түйіндейді:
«Біз үшін «Араб әлемінің» бір бөлшегі болып қалғаннан, тиімді тарапты таңдау әлдеқайда маңызды».
Мақаладан соңғы әсер – аяныш! Жалаң ұран, қауқарсыз топтың ізінде азып-тозған жұрттың мұхиттың арғы жағындағы өзге ұлттың жарылқауына тәуелді болғаны өкініш­ті-ақ. Дамыған елдерге шикізат қоры мен арзан еңбек күшіне айналған халыққа бұл хабар қуаныш сыйлары белгілі. Алайда уәде берген басшы орнында қала ма, айтылған сөз іске аса ма, оны уақыт көрсетеді.

«The Wall Street Journal»

Іздеу жүйесінің ізіне түсті

АҚШ-тыңзаңминистрлігі «Google» іздеужүйесінемонополис­тікқадамға бардыдегенайыптағуда. Министрліктіңмәліметінше, «Google» іздеу плагиндеріменжар­намабизнесін нығайтуүшінбәсекелестерінығыстырып, заңсыз әрекет жасаған. БұлАҚШтарихындағы соңғыонжылдықтаІТтехнологияғақатыстыеңатышулыдауболғалытұр. «The Wall Street Journal» басылымыдаоқиғанықалтжібермей, Брент КенбаллменРобКопеландтың «АҚШ «Google»-дісотқаберді» деген бір­лескенсараптамалықмақаласынсәрсенбіліксандажариялады.
«Тергеу ісі сейсенбі күні Вашингтонның аймақтық сотына жолданған. Онда «Alphabet Inc.» холдингі ғаламтордағы заңсыз желілер арқылы бәсекелестікке кедергі келтірген деген дерек бар. Оған қоса «Google» жарнамадан түскен миллиардтаған долларды ұялы телефон шығаратын «Apple Safari Inc.» мен байланыс операторларына аударған. Нәтижесінде құрылғылардағы іздеу жүйесінде «Google» жүйесіне басым­дық берілген. Бүгінде АҚШ-тағы миллиондаған құрылғыда аталған іздеу жүйе­сінің платформасы ең негізгі іздеу қызметі саналады».
Міне, ірі іздеу жүйесінің ізіне түскен америкалық заңгерлер IT саласында да заң­дық мүдде мен бәсекелестік сақталу керек­тігін дәлелдеу үстінде. Монополияға қарсы іс «Apple Safari Inc.» мен «Alphabet Inc.» секілді технология саласының қос алыбына оңайға соқпайтыны анық. Мамандардың сөзінше, даудың созылуы компания акциясының құлдырауы мен жауапкершілікке тарту жағдайына итермелейді.

«The Washington Post»

Израильдегі індет

Коронавирус індетінің екінші толқыны түрлі сипатта көрініс беруде. Індеттің беті қайтты деген ақпарға сенген халық екінші толқынға сенімсіздік танытып, бейжай қарай бастады. Тіпті денсаулық сақтау саласы дамыған Израиль мемлекетінде де енгізілген оқшаулау режиміне қара­мастан халық талапты толық сақтамай отыр. Осы орайда «The Washington Post» басылымы Иерусалимдегі ахуалды бағамдау мақсатында «Израильдегі қайта оқшаулау» атты көлемді мақала жариялап, мамандардың пікірін топтастырған. Мақала авторлары Стив Хендрикс пен Рут Элгаш Израиль­ үкі­меті қабылдаған талаптың жай-жапсары мен орындалу барысын саралау арқылы елдегі жағдайды боямасыз жеткізуге талпынады.
«Көктемдегі екі айлық карантин кезін­де 9 млн тұрғын талапты бұлжытпай сақтады. Күздегі екінші толқын одан  анағұрлым қауіпті болуы ықтимал әрі салдарын болжау мүмкін емес. 25 қыр­күйектен бастап елде карантин енгізілді. Оқшаулаудың маңызын сезінген қарапайым тұрғындар, талапты орындап әлек болса, кәсіп пен қызметті сылтау еткен шенеуніктер ескертуді елемеуде» деп жазды.
Сонымен қатар тұтас қалалар мен аумақтарда синагогтар мен жерлеу рәсіміне жиналу бәсеңдемей отыр. Авторлардың пікірінше, діни жоралғының тыйылмауына елдегі ультраортодоксальды еврейлер (харедим қауымы. -ауд.) ықпал етуде. Оған қоса, бейсенбі күні карантин салдарынан шығынға ұшыраған кәсіпкерлер қарсылық шарасын ұйымдастырған. Аза­маттар көшеде көлік дөңгелегін өртеп, экономикалық сектордағы шектеулерге наразылық білдіруде. Бірінші жарты­жылдықтағы көрсеткішке сәйкес, елдегі 37 мың бизнес нысаны тақырға отыруы мүмкін.
Мақалада Израильдегі Дәрігерлер қауым­дастығының мүшесі Ф.Левиннің жосық­сыз карантин талаптарын мінеген мысқылды ескертпесін мысалға келтіреді:
«Кафка тәрізді (еврейнәсілді жазушы. -ауд.) оқшаулану логикаға сай келмейді. Біз неліктен теңізде жүзе алмаймыз? Неге рестораннан тағамды үйге алуға болмайды? Бұл сенімге селкеу түсіреді. Алайда бұл карантинді алып тастау деген сөз емес. Біз қателіктен сабақ ала білуіміз керек. Орнымен жасамаған іс, тіпті, үшінші карантинге жетелеуі ықтимал».

«CNN News»

«Аспан асты елінің» айбаты

Жұма күні Қытайда Солтүстік Кореяға әскер кіргізгеніне 70 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Бұл жиынның әлемдік геосаяси ұстаным мен мүдделер қақтығысы турасында алар орны ерекше. Мұны сезген ҚХР-ның Төрағасы  Си Цзиньпин көгілдір экран арқылы АҚШ-тың қыспағы мен агрессиялық әрекетіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін министрлер мен ресми өкілдердің аузынан еститін АҚШ-қа қатысты дөңайбатты дәл осы жиында Төрағаның өзі айтуы тегін емес. Себебі алда сайлау, өзгеріс...
Әлемдік БАҚ-та мұндай ұрымтал тұсты қапы қалдырмай, хабар таратуды назарға алды. «CNN News» арнасы да арнайы хабар дайындап, мемлекет басшысының әрбір сөзін байыптады. Журналист Бен Уэсткотт пен Стивен Цзянның бірлескен хабары көрермен тарапынан оң бағаға ие болып, қызу талқы тудырды.
«1950 жылы Қытай әскері Солтүстік Кореяға кірді. Мұны жергілікті халық «АҚШ-тың әскери агрессиясына қарсы соғыс және Кореяға көмек» деп атады. Бүгінгі салтанатты шарада Си Цзиньпиннің мінбердегі сөзі тек тарихи оқиғаны ғана емес, АҚШ-тың бүгінгі саясатын да сынады. Ол Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы пікірсайысты көргенін және екі қарсылас та «Қытаймен қарсыласу» ұстанымын жақтағанын айтты.  Төраға қытайдың әскери күші қарсыластарынан қалыспайтынын айтып, «Бейжің бейбіт­шілікті қалайды, алайда соғыстан қашпай­мыз, басқыншылармен өз тілінде сөйлесу қажет» деген ұран тастады».
Сонымен бірге хабарда Си Цзиньпин қытай-корей соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, 200 мыңға жуық қаза тапқан сарбаздарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялаған сәті көрсетілген. Авторлардың пікірінше, салтанатты шара тек құрбандарды еске алу ғана емес, халыққа саяси қадамды насихаттаудың амалына айналған.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған: Ерсін ШАМШАДИН
26 қазан 2020 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам