КӘСІПКЕР ЖУАНТӨБЕДЕ СПОРТ КЕШЕНІН САЛДЫ
Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас елді мекені – үлкен елді мекеннің бірі. Экономикалық даму, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік білім, спорт салаларында қарқынды дамып келеді.
Ауылдық округ әкімі Бегайдаров Әділбек Тәліпұлы баяндамасын былтырғы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысымен бастады. Содан соң жиналғандарды ауыл тынысымен хабардар етті.
Алғабас ауылында 555 отбасы, 3175 халық тұрады.
Жуантөбе ауылдық округінде мәселелерінің барлығы дерлік шешілген. Ауыз судан, аяқ судан, жарықтан еш проблема жоқ. Мектеп, балабақша, мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілген.
2017 жылы жобалық құны 36 млн. 419 мың теңгенің жаңа Жуантөбе ауылдық округінің әкімшілік ғимараты, мемлекеттік-жекеменшік аясында «БЕТА и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ерболат Жылқайұлының жеке қаражатына жобалық құны 42 млн. теңгенің жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.