ЖОЛДА ҚАЛҒАН БЕЛАРУСЬ АЗАМАТТАРЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Аталмыш хабарламаға сәйкес нақты істер қолға алынды. Оқиға орнына Арал ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің және Аралқұм ауылдық округінің әкімшілігінің қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына келген кезде «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 1397 шақырымындағы Аралқұм стансасы маңында НBG 133 «DAF» маркалы жүк көлігінің тоқтап қалғандығы анықталды. Аталмыш елді мекен Арал қаласынан 41 шақырым жерде орын тепкен. Көлікте Беларусь Республикасының екі азаматы (1988 жылы дүниеге келген Войтехович Юрий Геннадиевич, 1985 жылы дүниеге келген. Войтехович Святослав Геннадиевич бар екендігі анықталды. Беларусь Республикасының азаматтары азық-түлікпен және жылыту құралымен қамтамасыз етілді. Медициналық көмекті қажет еткен жоқ.
Көлік Арал ауданынан жолға шығарып салынды. Беларусь Республикасының азаматтары көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді.