Тіл саясатын құқықтық насихаттау
Бүгінгі таңда тілдерді қолдану мен дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Тіл саясаты мемлекеттің нығаюына тікелей байланысты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл » - деп алаш арысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай ұлттың қалыптасып дамуында, өсіп өркендеуінде тілдің маңызы зор. Қызылорда облысының сотында да тіл саясаты бірізділікпен жүргізіліп келеді.
Тіл саясатын насихаттау мақсатында заң жүйелеу және әдістемелік бөлімінде қазақ тілі бұрышы орналастырылған. Бұл бөлімде қызметкерлер үшін заң саласына байланысты кітаптармен қоса, қазақша-орысша-ағылшынша аударма сөздіктер және терминологиялық, түсіндірме, орфографиялық сөздіктер қамтамаыз етілген.
Сонымен қатар, облыстық және оған теңестірілген соттарда сот істері мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысын сараптау мақсатында жылдық қорытынды-талдаулар жүргізіліп отырады. Нәтижесінде көрсеткіштерді жоғарылату мақсатында соттарда шығыс құжат мен ішкі құжат айналымының мемлекеттік тілде жүргізілуіне баса назар аударылып келеді.
Жыл сайын Қызылорда облыстық соты төрағасының бекітуімен, соттарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жасалған жұмыс жоспарына сәйкес, іс-шаралар ұйымдастырылады. Жергілікті соттардың арасында «Тіл байлығы – ел байлығы» атты байқау өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, құқық органы, банк, коммуналдық мекемелер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіліп отырады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының «Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Өкімін орындау, мемлекеттік тілді В1 және С1 деңгейінде білетін мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызмет ұйымдары қызметкерлерінің үлесін арттыру жұмыстарын тұрақты жүргізу мақсатында, «КАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тест тапсырылды.
«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз» - деп Елбасымыз айтып кеткендей тіл мәселесіне әрбір азамат баса назар аударуы тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.
Галым Имаганбетов,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
сот приставы
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
сот приставы