Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Екінші тоқсан: “Біз мектепке барамыз!”

Екінші тоқсан: “Біз мектепке барамыз!”

Екінші тоқсаннан бастап 300 оқушысы бар мектептердің дәстүрлі оқу жүйесіне көшіп, 1-5 сынып оқушыларына ата-ана өтінішімен кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылған. Дәстүрлі оқытудың өзіндік тәртібі бар. Елдегі ахуалға байланысты санитарлық талапқа баса мән берілуі керек. Осы орайда қалалық білім бөлімінің бас маманы Нұрлан Дәулеталиевтен дәстүрлі оқу процесіне көшетін білім ошақтары мен дайындығы жайында сұраған едік.
– Нұрлан Базарғалиұлы, Үкімет басшысы қабылдаған шешімге сәйкес қандай жұмыс атқарылуда? Қалада дәстүрлі оқу үрдісіне көшетін қанша мектеп бар?
– Бұған дейін 180-ге жуық оқушысы бар 4 мектеп дәстүрлі форматта білім берді. Енді бұл қатарға 300-ге тарта оқушысы бар 1 білім ордасы қосылады. Оның ішінде Қараөзек станциясындағы №128, Айнакөл елді мекеніндегі №175 мектеп, Талдыаралдағы №215, Баймұрат батыр ауылындағы №218 және №145 орта мектеп бар. Осылайша екінші тоқсанда қала бойынша 5 білім ошағы 1-11 сынып арасында 706 оқушыға дәстүрлі форматта сабақ береді.
– Маска режимі, шахмат ретімен отырғызу сынды санитарлық талаптар қалай орындалады?
– Бұл – бірінші кезектегі мәселе. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн, офлайн түрде білім беретін барлық мектеп санитарлық талапқа сәйкес қажетті құралдармен жабдықталған. Мұның бар¬лығы ерте бастан реттелген болатын. Дезинфекциялық туннельдер, антисептик, кіре беріске, кабинет ішіне санитайзерлер орналастырылған. Әр мектептегі медбикелер баланың, мұғалімнің дене қызуын өлшеп отырады. Дене қызуы көтерілген жағдайда арнайы оқшаулау бөлмесі де жабдықталған. Егер температурасы көтерілген жағдайда оқушы ата-анасы келгенше сол бөлмеде бақылауда болады.
– Ата-ана өтініші негізінде 1-5 сынып оқушыларының кезекші сыныпта оқуына рұқсат етілді. Өтініш көп түсіп жатыр ма?
– Жалпы осы кезге дейін 1-5 сыныпқа дейінгі аралықта 7194 бала білім алды. Ата-аналардан келіп түскен өтініш бойынша тағы 4452 бала кезекші сыныпта оқитын болады. Алдағы тоқсанда 15 баладан аспайтын 324 кезекші сынып ашылып, оларға 1053 мұғалім сабақ береді деп жоспарлануда. Сондай-ақ негізгі пәндерді оқытуға, әсіресе 5 сыныптың оқу жүйесіне басымдық берілмек. Себебі бастауышты тәмамдаған бала үшін бұрын-соңды білмеген жаңа пәндер қосылады. Қаладағы 54 мектеп бойынша 66597 оқушы болса, соның 54475-сі қашықтан оқуды жалғастырады. Ал келер тоқсанда 1-5 сынып аралығында 11416 өрен кезекші сыныпта тәлім алады.
– Сұхбатыңызға рахмет.
Әңгімелескен
Айдана СЕЙІЛ
03 қараша 2020 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам