СУИЦИД ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Суицид немесе жан айқайы» тақырыбында психолог Назым Анарбекқызының ұйымдастыруымен семинар-дәріс өтті.
Семинарға Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталық психологі Ақмарал Мұхитқызы Исамбекова мен Облыстық наркологиялық орталығының психологі Айнұр Серікбайқызы Төлепованың арнайы шақыртылды. Өз-өзіне қол жұмсау - қазіргі таңда кеңінен таралып бара жатқан дерттің бірі болғандықтан, дәріс «Суицид дегеніміз не?», «Адам ондай іс-әрекетке неліктен барады?» деген көптің көкейінде жүрген сұраққа слайд арқылы жауап берумен басталды.
Психолог мамандар департамент қызметкерлерінің «Суицид жасауға талпынған адамды қалай ажыратуға болады?», «Зиянды әдеттермен әуестену мен өз-өзіне қол жұмсаудың байланысы қандай?», «Нашаның адам санасына, яғни психикасына әсері», «Суицид жасайын деп жүрген адамның сол сәттегі ішкі дүниесі, сыртқа көзқарасы, ішкі ойы қандай?», «Мысалы, адам өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды дедік. Енді бұдан кейін оның жақын туыстарының, ата-анасының, бауырларының, балаларының психологиялық күйі қандай болмақ?» және т.б сұрақтарына өз тәжірибелерінен мысал келтіре отырып жауап берді.
Жиынды департамент психологі суицидтің алдын алу үшін адамдардың бір-біріне мейіріммен, махаббатпен қарап қарым-қатынас жасау керектігін айтып қорытындылады.