Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қараөзектегі құрмет

Қараөзектегі құрмет

Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовты ұлықтау шарасы Қызылөзек ауылдық оругінде жалғасты. Мұнда қайраткердің құрметіне ескерткіш белгі қойылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қатысты.
Нағи Ілиясов соғыстан кейінгі жылдарын туған жерді түлетуге арнап, сол жолда еңбек еткен.­ Қайраткер Қараөзек кеңшарының директоры қызметін атқарған тұста ауылдың өсіп, өркендеуі үшін маңызды шешімдер қабылдап, дамуына ерекше еңбек сіңірген. Ол басқарған кезеңде Қараөзек кеңшарында әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп, халықтың көптеп қоныстануына түрткі болған екен. Соның нәтижесінде Қараөзек республикадағы алдыңғы қатарлы ауыл дәрежесіне жеткен.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары А.Есжанов батырды  дәріптеу парыз екенін, бүгінгі ұрпақ елінің ерлерін, олардың өнегелі өмір тарихын тануы тиістігін тілге тиек етті. Сондай-ақ ескерткіш тақтаның ашылуына келген батырдың ұлы Ринат Ілиясов та әке тәлімін, естеліктерін көппен бөлісті.
Шараға жиналған жұртшылыққа қайраткердің ерлігі мен өмірінен сыр шертетін «Батырдың үш өмірі – үш бақыты» атты кітап табысталды. Сондай-ақ оның рухына арнап құран бағышталды.
А.СЕЙІЛ
07 қараша 2020 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 209 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам