ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ БЕРІЛДІ
Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінің жаңа қоныстану аймағындағы көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Алмағанбет Дауылбаев есімі берілді.
Көшенің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова қатысып, сөз сөйледі.
– Өмірі өнегеге, тағдыры тағылымға толы ардақты азаматтарға құрмет көрсету, олардың есімдерін ұлықтау мақсатында ауданымызда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тереңөзек кентінің жаңа қоныстану аймағынан ауданымыздың өркендеуі жолында қажырлы еңбек сіңірген алдыңғы буын өкілдеріне көшелердің берілуі соның бір парасы. Бүгін біз өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды іс-шараға жиналып тұрмыз. Саналы ғұмырын ауданның өсіп-өркендеуіне арнаған, соғыс және еңбек ардагері Алмағанбет Дауылбаев ағамызға көше берілуі – аға ұрпаққа деген құрметтің жарқын көрінісі,-деген аудан әкімінің орынбасары қажырлы еңбек еткен тұлға есімін дәріптеу келешек ұрпаққа үлгі екенін айтты.
Өз кезегінде ҰОС-ның ардагерінің ұрпақтары атқарушы билік өкілдеріне өз алғыстарын жеткізді.