Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елде заңсыз такси жүргізушілеріне жаппай айыппұл салынатын болады

Елде заңсыз такси жүргізушілеріне жаппай айыппұл салынатын болады

Бұдан былай адам тасимын деп әкімдікке тіркелмеген такси жүргізушілерін үкімет қатаң бақылауға алып, жаппай айыппұл салады. Ал бір жыл ішінде жолаушыларды заңсыз тасымалдағандар 10 миллион теңгеден астам айыппұл төлепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

такси

Алайда көлік тізгіндегендер елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, жұрт онсыз да жұмыссыз қалып жатқанда үкіметтің бұл әрекеті жығылғанға жұдырық болып отыр дейді. Осы мәселеге жауапты көлік комитеті мамандарының айтуынша, әр азамат тапқан табысының бір бөлігін мемлекетке салық ретінде қайтаруға міндетті екен.
"Айыппұл салып жатқандары дұрыс емес негізі. Енді қазір пандемия кезінде таксимен нәпақасын тауып жүргендер көп қой", - дейді жүргізушілер.
2013 жылдан бері такси қызметімен заңсыз айналысқандарды ішкі істер министрлігі бақылауға алған болатын. Өткен жылы бұл міндет индустрия және инфроқұрылымдық дамыту министрлігінің құзіретіне ауысып, биыл заңсыз адам тасу фактісін анықтау жұмысы одан сайын күшейтілді. Ал үкіметтің дәл биыл бұл жұмысқа белсене кірісуі пандемияның кесірінен толмай қалған бюджет шығындарын қалыпқа келтіру жолдары іспетті. 
"Кім де болсын қандай кәсіппен айналысқысы келетін болса, заңды түрде айналысуы керек. Сіз такси тотатасыз, бәлкім ол такси емес, қылмыскер шығар", - дейді көлік комитетінің баспасөз хатшысы Дархан Кәрібаев. 
Бұл заңға ауыл мен аудан арасында қатынап жүрген такси жүргізушілері де бағынуы керек. Талап бойынша олар жолға шықпас бұрын медициналық қызметкерге көрініп, көлігін техникалыық тексеруден өткізуі тиіс. Ал ауылдағы жүргізушілердің жағдайы комитеттіктерді аса алаңдатпайтын сияқты. 
"Бұл қызметпен айналысу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтінім беру керек. Ал ауыл тұрғыны адам тасымалдаумен айналысамын деп шешті ме, онда барлық талапты орындауы керек", - дейді көлік комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Маралбаев. 
08 қараша 2020 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам