Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алтын жұлдыз таққан беделді аналардың кездесуі

Алтын жұлдыз таққан беделді аналардың кездесуі

Шіркейлі ауылы Қалтай Мұхамеджанов атындағы Мәдениет үйінде «Ақ орамал» жобасы жалғасын тапты. Оған «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қорының төрайымы, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Рахима Ахметова, облыстағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева, округтің аналары, этнос өкілдері және жас келіндер қатысты.
Шарада Аналар кеңесінің мүшесі Бақыткүл Мұсаева басқарып отырған балабақшаның күшімен қолөнер бұйымдарының және нан өнімдерінің әртүрінен көрме ұйымдастырылды. Ауылдың 20 жылдық тарихы бар «Әжелер» ансамблі қонақтарды әсем әнімен қарсы алды. Пролог қойылып, онда ауылдың алтын жұлдыз таққан беделді анасы Балдырған ананың бейнесін көрсетті.
Бас қосу кешінде ақ жаулықты анадан жас келіндерге дейін қазіргі қоғамдағы ене мен келіндердің арасындағы сыйластық, әкеге деген құрмет, бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ажырасу сынды тақырыптарға кеңінен тоқталып, өз пікірлерін ортаға салды.
Сырдария ауданында 32 жыл бойы ұстаз болып, болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Елена Мясцова өмірде үлкендерді сыйлау, құрметтеу маңызды дейді. «Қазақ халқының салт-дәстүрі, үлкенге деген ерекше құрмет секілді қасиеттері мен үшін ерекше. Мен өз балаларыма әрдайым ізетті, жан-жағына мейірімді бол деп тәрбиелеп келемін. Өз басым ата-енемнің қолында болдым. Тезек жинап, таба нан пісірдім», - деді.
Ал, шешен этносының өкілі, аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Люба Махмурзаева өз енесіне деген құрметін, ер азаматына деген ілтипатын айтып өтті.
Шара барысында, Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева қатысушыларға «Қазақ есімдері» атты кітап топтамаларын табыстады. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшесі Никита Мясцов пен Лидия Сычева ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әнін орындап, зор қошеметке бөленді.
Кеш соңында Аналар кеңесінің мүшесі Бақыткүл Мұсаева барша жиылған аналар мен жас келіндерге арнайы әкелген ақ жаулықтарын сыйға тартып, иықтарына жапты.
Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі

09 қараша 2020 ж. 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам