Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 14 облыста дауылды ескерту

14 облыста дауылды ескерту

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 9 қарашада еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Синоптиктердің болжауынша Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ, 9-14 жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жел тұрады.

Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді.

Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына15-20 метр жел тұрады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді.

Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі
Сондай-ақ, министрлік жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ескертеді.Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Дауылды ескертулерде желдің екпіні қатты секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге жетеді, әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынамыз. Қатты дауыл кезінде үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелер тығыз жабылуы тиіс, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.
09 қараша 2020 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам