Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Пробация есебіндегі азаматтарға дәрі-дәрмек таратылды

Пробация есебіндегі азаматтарға дәрі-дәрмек таратылды

Қармақшы аудандық пробация қызметі аудандық жастар ресустық орталығы, қоғамдық бірлестіктер, ерікті жастармен бірлесіп, сотталғандарды әлеуметтендіру бағытында жұмыс атқаруда.
Бұл жолы аудандық пробация қызметі, «Демеу» еріктілер тобымен бірлесіп, пробация есебіндегі бес отбасыға көмек көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін дәрі-дәрмек, бетперде және антисептик құралдарын таратты. Бұл дәрілердің арасында ыстықты түсіретін, аурумен күресетін және иммунитетті көтеретін дәрілер де бар.
Шара аясында пробация есебіндегі азаматтарға қауіпті індеттен сақтану жолдары түсіндіріліп, азаматтарға адам көп жиналатын жерлерге бармау, медициналық маска тағып, оны ауыстырып отыру қажет екендігіні айтылды.
Бұған дейін де аудандағы ерікті жастардың көмегімен есептегі азаматтарға азық- түлік себеттері мен бетперде таратылған болатын.
Қайырымдылық көмек көрсеткен пробация инспекторлары мен ерікті жастарға риза болған есептегі азаматтар, алғысын айтты.

Жақсыбек Жүнісов
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы
10 қараша 2020 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 604 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам