Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік дүкеннен тегін киім берілді

Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік дүкеннен тегін киім берілді

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан 2019 жылы «Рахмет» әлеуметтік дүкені ашылған.
Бұл дүкеннің негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсету, көмек қолын созу болып табылады. Дүкенде киім-кешек, ойыншықтан бастап, тұрмыстық техникаға дейін бар. Аудандық пробация қызметі, Жастар ресустық орталығы арасындағы меморандум аясында есептегі азаматтарға әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп келеді. Осы меморандум аясында пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік дүкеннен тегін киімдер берілді.
«Қайырымды игі іске ауданымыздағы кәсіпкерлер, тұрғындар көмек қолын созып жатыр. Дүкенге әкеліп өткізетін киімдерді таза, бүтін күйінде болуы тиіс. Арасында жаңасы да бар. Бұл киімдерді, тұрмыстық техникаларды тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар, пробация есебіндегі азаматтар жеке куәлігін көрсету арқылы немесе балаларының құжаттарын көрсету арқылы ала алады. Күніне бірнеше аудан тұрғыны 3-4 пакет киім алып кетеді деді», - жастар ресустық орталығының аға кеңесшісі Н.Ақпанбетов.
«Мен аудандық пробация есебінде тұрамын. Пробация инспекторлары маған әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп келеді. Осыған дейін азық-түлік, қорғаныш заттарын берді. Бүгін, міне әлеуметтік дүкеннен костюм-шалбар, қажетті таза киімдар алып беріп жатыр. Пробация қызметкерлері мен жастар ресустық орталығының мамандарына алғыс айтамын», - деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
13 қараша 2020 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам