ҚЫЗЫЛОРДАДА "ПАРАСАТТЫ ПОЭЗИЯ" АТТЫ ЖЫР КЕШІ ӨТЕДІ
Қызылордада Қырғызстан мен еліміздің әр түкпірінен ақындар жиналып, бас қосады. «Парасатты поэзия» атты жыр кеші 22 желтоқсан күні сағат 17.00-де Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтеді. Игі бастама Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық кодымызды негіздеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Оған қырғыз ақындары Бақтыгүл Чотурова мен Қарбалас Бакиров, Қазақстаннан Ғалым Жайлыбай, Қазыбек Иса, Ертай Ашықбаев, Ұларбек Дәлейұлы, Бақытгүл Бабашова, жерлестеріміз Қатира Жаленова, Қаршыға Есімсейітова, Толыбай Абылаев, Алтай Үсенов, Дүйсенбек Аяшұлы, Толқын Қабылшаева сынды жиырмаға жуық ақын қатысып, жыр оқиды.
Келіңіздер! Көріңіздер! Жалынды жырмен сусындаңыздар!