БЕЛГІЛІ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІН ӨТКІЗДІ
Жерлесіміз, тоғызқұмалақтан 7 дүркін Əлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, "Қазақстанның 100 жаңа есімінің" жеңімпазы - Əсел Дəлиева мен 3 дүркін Əлем чемпионы Хəкімжан Елеусінов тоғызқұмалақ клубында ойыншыларға шеберлік сабағын өткізіп, тəжірибелерімен бөлісті.
Əлем чемпиондарымен ойнаған 11жасар Рыскелді Кенжебекке "Үздік ойын көрсеткені үшін" жəне 9 жасар Дания Жəдігерге "Ең жас ойыншы" номинациясы беріліп, басқарма бамшысы Олжас Акимов марапаттады. Айта кетейік, Əсел осы клубтан зияткерлік ойынның қыр-сырын меңгеріп, үлкен спортқа жолдама алған. Сондай-ақ, студенттер сарайында Əлем чемпиондары Əсел мен Хəкімжанның қатысуымен бір уақытта 80 ойыншымен шеберлік сабағы ұйымдастырылды.